389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтіп жатыр

  • 365
  • UPD: 17:31, 08.06.2019

Елордада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турнирі өтіп жатыр. 

«Барыс-Аренадағы» боз кілемде  еліміздің әр өңірінен үздік шыққан 33 балуан бақ сынауда. «Түйе балуан» тайтұяқ пен алтын белбеу иегері атанады. Сонымен қатар 25 миллион теңгені еншілемек. Кеше жарыс алдында білекті жігіттер салмақ өлшеу рәсіміне қатысқан болатын. Онда, Шығыс Қазақстандық Ерасыл Қажыбаевтың салмағы 151 келі тартып, «барыстар» арасындағы ең ауыры атанды. Ең жеңіл балуан Батыс Қазақстандық Ерназар Хамзиннің салмағы 90 келіні көрсетті. Алайда күш атасын танымайды, боз кілемде бабы мен бағы қатар шапқандар олжа салуы мүмкін.

Жеңіс Диханбайұлы, қазақ күресінен қр мемлекеттік жаттықтырушы:

- Түйе балуандыққа 90 келі салмақтан артық палуандар қатысады. Күш атасын танымайды деген, ішінде бұрыннан барыс болған Нұғымаров Айбек, Мұхит Тұрсынов, Руслан Әбдіразақов бар.

Хабар 24 телеарнасы