382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Бельгияға есе жіберді

  • 338
  • UPD: 07:23, 09.06.2019
Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Бельгияға есе жіберді

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Бельгия мен Қазақстан арасындағы матчта үш гол соғылды, деп жазады prosports.kz.

Үшінші турда Михал Билектің командасы Бельгияға сапар шекті. Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері бұл кездесуге мықты құрамын шығарып, сақадай сай екенін көрсетті.

Есепті 11-минутта алаң қожайындары ашты. Эден Азардан пас алған Мертенс Қазақстанның қақпасын дәл көздесе, арада үш минут өткенде Кастаньға гол соғуға мүмкіндік жасап берді. 

Екінші таймда Ромелу Лукаку есепті еселей түсті. Михал Билек үш бірдей ойыншыны тыңнан қосқанымен, есеп матч соңына дейін өзгеріссіз қалды.

Осылайша Бельгия құрамасы үш ойында үш жеңіске жетіп, I тобында жеке дара көш бастады. Ал біздің құрама үш ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Көш соңында Сан-Марино (0 ұпай).

ЕУРО-2020. І тобы

Бельгия – Қазақстан – 3:0 (2:0)

Голдар: 11' Мертенс, 14' Кастань, 50' Лукаку

Бельгия: Куртуа (Қ), Алдервейрелд, Компани, Вертонген, Витсель, Де Брюйне, Лукаку, Э. Азар, Мертенс, Т.Азар, Кастанье.

Қазақстан: Непогодов (Қ), Малый, Жанғылышбай , Ерланов, Куат, Жуков, Вороговский, Перцух, Федин, Бейсебеков, Марочкин.

Қосалқы құрам: Покатилов, Шацкий, Досмағамбетов, Сүйімбаев, Керімжанов, Ахметов, Тағыберген, Исламхан, Айымбетов, Тұрысбек.

09.06.2019 жыл. Бельгия, Брюссель, «Руа Бодуэн» стадионы

Хабар 24 телеарнасы