384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі бокс кеші: Әли Ахмедов қарсыласын үшінші раундта құлатты

  • 119
  • UPD: 08:45, 09.06.2019
Нью-Йорктегі бокс кеші: Әли Ахмедов қарсыласын үшінші раундта құлатты DailyNews.kz

Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан Әли Ахмедов WBC International титулы үшін сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін жеңіліп көрмеген Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлмен (15-0, 2 КО) кездесті. Суперорта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланды. Әли Ахмедов гонг үні естілісімен қарсыласына ұмтылып, соққы жасай бастады. Оның соққыларынан соң Маркус МакДэниэл құлап қалған. Бірақ төреші америкалық боксшының тайып кеткенін айтты. Үшінші раундта Әли жойқын соққылары қарсыласы нокдаунға түсіп қалды.  Дегенмен төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатты. Әли Ахмедов Маркус МакДэниэлді техникалық нокаутпен жеңді.

Өкінішке қарай, Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан 32 жастағы ақтөбелік боксшы Бақтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) америкалық Брайан Себальоға (8-0, 4 КО) есе жіберді.

Хабар 24 телеарнасы