384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов дауыс берді

  • 111
Данияр Елеусінов дауыс берді

Спорт және өнер жұлдыздары да өз таңдауларын жасап жатыр.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №59 сайлау учаскесіне келіп дауысын берді. Бокстан әлем чемпионы, бірнеше дүркін Азия чемпионы Данияр елдің болашағы үшін таңдау жасағынан айтады. Спортшы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін барлық өткен сайлаудан қалмаған екен. Шет мемлекеттерде жүрсе де, әркез өз таңдауын жасаған. Айтулы додаларда ел намысын қорғап, жастарға үлгі болып жүрген боксшы сайлаудың маңыздылығын түсінеді.

Данияр Елеусінов, олимпиада чемпионы:

- Сайлау маңызды. Әрбір қазақстандық дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өзім дауыс бердім. Елдің болашағы үшін маңызды. Президент деген – елді ойлайтын адам. Оны таңдау маңызды. Сондықтан сайлауға қатысу маңызды.

Хабар 24 телеарнасы