384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зульфия Габидуллина: Өз таңдауымызды шетелде жасауға мүмкіндік алдық

  • 118
  • UPD: 01:58, 10.06.2019

Қазақстандық танымал спортшы Зульфия Габидуллина Берлинде дауыс берді.

Қазір еліміздің паралимпиадалық құрамасы суға жүзуден Германияда IDM Berlin әлем біріншілігіне қатысып жатыр. Онда әлемнің 40 елінен 500 спортшы өз ара кім мықтыны анықтауда. Біздің спортшылар өз таңдауын жасауы үшін осы елдегі елшілігіміз жылжымалы дауыс беру ұйымдастырды. Сайлау жәшігі бассейннің қасына қойылған.

Зульфия Габидуллина, Паралимпиада чемпионы:

– Біз қазір Берлинде жарысқа қатысып жатырмыз. Сондықтан осы елдегі елшілік көмектесіп, біздің дауыс беруімізге барлық жағдайды жасады. Сөйтіп еліміздің болашағы үшін әрбіреуміз өз таңдауымызды жасауға мүмкіндік алдық.

Хабар 24 телеарнасы