384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


GGG Нью-Йорктегі сайлау учаскесінде дауыс берді

  • 129
  • UPD: 14:32, 10.06.2019

Нью-Йорктегі №250 сайлау учаскесінде Геннадий Головкин дауыс берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпқой бокшы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасындағы жекпе жектен кейін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Таңдауын жасағаннан кейін спортшы жерлестерімен кездесіп, сөйлесті. Ал сайлау комиссиясы мүшелері мен дауыс берушілер Геннадийді жеңісімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Айта кетейік, кеше Геннадий Головкин кәсіби бокстағы өзінің 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады. Ол канадалық Стив Роллсты кездесудің төртінші раундында нокаутқа жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы