384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Садақ атудан лицензиялық әлем чемпионаты басталды

  • 116
Садақ атудан лицензиялық әлем чемпионаты басталды

Бүгін, 10 маусымда Хертогенбоста (Голландия) садақ ату спорты бойынша лицензиялық әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлемдік додада Олимпиадаға жолдама беріледі. Командалық сындағы үздік сегіз қатысушы мен жекелей сындағы үздік төрт спортшы лицензияға ие болады.

Әлем чемпионатына аттанған Қазақстан құрамасы мынадай:

Классикалық садақ ату, ерлер: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Санжар Мұсаев;

Клаисскалық садақ ату, әйелдер: Алина Ілиясова, Гауһар Игібаева, Қаракөз Асқарова;

Шығырлы садақтан ату, ерлер: Ақбарәлі Қарабаев, Рустам Қарабаев, Сергей Христич;

Шығырлы садақтан ату, әйелдер: Диана Макарчук, Адель Жексенбинова, Мария Өмірзақова.

Турнир 16 маусымға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы