384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBC Головкинге үш боксшымен жұдырықтасуды ұсынды

  • 354
  • UPD: 09:27, 13.06.2019
WBC Головкинге үш боксшымен жұдырықтасуды ұсынды prosports.kz

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге үш қарсыласты ұсынды.

«GGG шаршы алаңға керемет оралды. Енді келесі қарсыласы кім болады?», - деп жазды WBC твиттердегі парақшасында. Оған қоса, Головкинге үш қарсыласты ұсынды. Атап айтқанда, WBC, WBA Super және IBF чемпионы Сауль Альварес, WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарло және WBO чемпионы Деметриус Андраде.

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегінде Стив Роллсты нокаутқа түсіріп, мансабындағы 39-шы жеңісіне жеткен болатын.

Ақпарат көзі: Prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы