389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының конференциясы өтеді

  • 272
  • UPD: 23:36, 13.06.2019

Маусымның 14-і мен 16-сы аралығында елордада Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының 64-ші спорттық конференциясы өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алқалы жиынға Малайзия, Сингапур, АҚШ, Франция, Қытай, Таиланд, Гонконг, Австралия, Өзбекстан, Үндістан, Жапония сынды 20 елден телерадиокомпаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары һәм өкілдері қатыспақ. Спорттық конференция аясында делегаттар каратэден халықаралық турнирді де тамашалайды.

Атап өтейік, Азия-Тынық мұхиты – хабар тарату одағы әлемдегі ең ірі медиа ұйым. Құрамында 76 мемлекеттен 270-тен аса адам бар. Одаққа қарасты компаниялар арқылы шамамен 3 миллиард адамға хабар таратылады.

Джавада Моттаги, Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының бас хатшысы:

- ABU Қазақстанмен әріптестігін кеңейтіп келеді. Қуаныштымыз. Одаққа мүше компаниялар Тынық мұхиты елдерімен Оңтүстік Африкаға хабар таратады. Осы орайда Қазақстан ұйымымыздың белсенді мүшесі боларына сеніммен қараймыз. Арадағы серіктестікті кеңейтудің мүмкіндіктері мол. 

Хабар 24 телеарнасы