380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет жекпе-жек өткізеді

  • 105
Мадияр Әшкеев өз елінде алғаш рет жекпе-жек өткізеді

5 шілде Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) өз Отанындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық бокс қауымдастығының (NBA) мәліметіне сүйенсек, Әшкеев Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Әрі бірінші орта салмақта NBA World белдігін сарапқа салады. Әшкеевтің қарсыласы қазірше белгісіз.

Еске салайық, 23 мамырда өткен жекпе-жекте Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.

Хабар 24 телеарнасы