384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фируза Шарипованың жекпе-жегі кейінге қалды

  • 293
Фируза Шарипованың жекпе-жегі кейінге қалды

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова 16 маусым күні Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шықпайтын болды.

Бұл мағлұматпен спортшы өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады prosports.kz. 

– Өкіншке қарай, 16 маусымға жоспарланған менің жекпе-жегім болмайды. Басты себеп, қаржылық демеудің жоқтығында. Әрине, өкінішті. Бізге уәдені үйіп-төккен еді. Дайындыққа жұмсаған қаражатымыз далаға кетті. 

Бапкерлер штабына, менеджерім Сергей Завилевскийге алғысым шексіз. Осы жекпе-жектің орын алуы үшін ол аянбай еңбек етті. Жақын уақытта толық ақпаратпен бөлісетін боламыз, – деп жазды Шарипова. 

Айта кетейік, Фируза Шарипова 16 маусым күні ресейлік боксшы Юлия Куценкомен екінші мәрте жекпе-жек өткізуі тиіс болатын. Өткен жылдың 9 қыркүйегінде екі боксшы кездесіп, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді. 

Хабар 24 телеарнасы