378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зарина Дияс Манчестердегі турнирде ширек финалға шықты

  • 94
  • UPD: 22:52, 14.06.2019
Зарина Дияс Манчестердегі турнирде ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің ширек финалына шықты.

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда америкалық, әлемнің 176-ракеткасы Робин Андерсонмен кездесті. Бірінші сетте Заринаның басым болғаны сондай, қарсыласына бір де бір гейм берген жоқ - 6:0. Екінші партияда да З.Дияс Андерсонның адымын аштырмады - 6:1. Бәсеке 51 минутқа созылды. Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген З.Дияс ширек финалда рейтингте 105-орындағы жапониялық Мисаки Дои немесе қытайлық Сиюй Ванның қай жеңгенімен кортқа шығады.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Хертогенбос (Нидерланды) турнирінің ширек финалына шыға алмады. Ол екінші айналымда әлемнің 42-ракеткасы, франицялық Ришар Гаскемен күш сынасты. Мұнда франциялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Р.Гаске жүлде қоры 711 275 еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін чилилік Николас Харримен таласады.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы