384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фьюри – Шварц: қос тараптың қанша сыйақы алатыны анықталды

  • 121
Фьюри – Шварц: қос тараптың қанша сыйақы алатыны анықталды Чемпионат

Біздің уақыт бойынша 16 маусым күні таңертең Лос-Вегаста өтетін британиялық Тайсон Фьюри (27-0-1, 19 КО) мен неміс Том Шварц (24-0, 16 КО) арасындағы жекпе-жекте қос тараптың қанша сыйақы алатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фьюри бұл кештен кем дегенде 12,5 миллион доллар алады. Оның бір миллионы – ресми гонорары, қалғаны – ESPN-нен алатын бонустары мен сыйақы.

Ал Шварцтың ресми гонорары 250 мың АҚШ долларын құрайды. Бұған өзге бонустарды қосқанда шамаман бір миллиондай табыс табады.

Хабар 24 телеарнасы