383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Триатлоннан әлем кубогында мықтылар анықталады

  • 117
  • UPD: 15:22, 15.06.2019
Триатлоннан әлем кубогында мықтылар анықталады

Елордада триатлоннан әлем кубогының тоғызыншы кезеңі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық жарысқа 33 елден 100-ге жуық спортшы келген. Олар олимпиадалық стандарттарға сай қашықтықта жарысып, мықтыны анықтайды. Үш кезеңнен тұратын турнирде кәсіби спортшылар алдымен жүгіріп, кейін велосипедпен жарысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылардың саны аз. Себебі, келесі аптада триатлоннан Азия чемпионаты өтеді және ондағы берілетін ұпайлар саны әлем кубогына қарағанда көп.

Айта кетейік, бүгінгі жарысқа Қазақстанның атынан ерлер арасында Симон Пивоваров пен әйелдер арасында Ғазиза Қомақбаева қатысады.

Айдана Кіребаева, ҚР Триатлон федерациясының баспасөз хатшысы:

- 5 км жүгіреді және 40 км веложарыспен жалғасады. Соңында тағы да 10 км жүгіреді. Жалпы, қашықтық стандартты немесе халық арасында олимпиадалық деп аталады. Жарыс соңында олимпиадалық квалификациялық рейтинг үшін өздерінің ұпайларын өзара үлестіретін болады. 

Хабар 24 телеарнасы