383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абель Санчес: Головкин 2-3 жекпе-жекте өзгеріп кете қоймайды

  • 149
  • UPD: 18:53, 15.06.2019
Абель Санчес: Головкин 2-3 жекпе-жекте өзгеріп кете қоймайды

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының жаңа жаттықтырушымен жұмысы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Адамды өзгерту үшін уақыт керек. Бапкер боксшыны екі-үш жекпе-жекте өзгерте алмайды. Ол үшін екі не үш жыл қажет. Сондықтан қазір ешқандай өзгерістер көрмейсіздер. Біздің де алғашқы үш-төрт жекпе-жегіміз сондай болған. Кейін өз қарқынымызды алдық. Геннадий қажетті нәрсені жасамағаны үшін бапкер кінәлі емес», - деді Санчес.

Айта кетейік, Головкин биыл 9 жыл бірге жұмыс істеген Абель Санчеспен қоштасқан болатын. Қазір ол жаңа бапкер Джонатан Бэнкспен бірге жұмыс істейді. Оның жаттықтыруымен Головкин канадалық Стив Роллсты ұтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы