389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді

  • 296
  • UPD: 21:45, 15.06.2019
Қазақстандық Сағадат Рахманқұлов мексикалық боксшыны нокаутқа жіберді prosports.kz

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Сағадат Рахманқұлов Мексикада жергілікті боксшы Даниэль Армандо Валенсуэлаға қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық оны бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Бұл – Рахманқұловтың Мексикадағы алғашқы жекпе-жегі. Мұның алдында ол АҚШ-та жұдырықтасқан. Кәсіби деңгейдегі жалғыз жеңілісті қараша айында пуэрториколық Никлаус Фластан тапқан. Қазақстандықтың мүддесін танымал Василий Ломаченко мен Теренс Кроуфорд сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін Top Rank пен Боб Арум промоутерлік компаниясы қорғайды.
Хабар 24 телеарнасы