383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы қарсыласы анықталады

  • 280
Қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы қарсыласы анықталады

«Астана» футбол клубы Исландия құрамасының ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссонмен келісімшарт жасасты.

28 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусым бойы Швейцария чемпионатында «Грассхопперс» командасында ойнап келді. Исландиялық футболшы елордалықтар сапына тегін қосылады.

Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы қарсыласы анықталады

Бүгін қазақстандық командалардың Еурокубоктағы қарсыластары анықталады. Ел кубогының иегері «Қайрат» пен «Тобыл» және «Ордабасы» алғашқы іріктеу кезеңінде ойнайды. Алматы командасына Албанияның «Теута», Боснияның «Широки Бриег» және Словакияның «Дунайска Стреда» клубы мен Литваның «Кауно Жальгирисі» қарсылас атануы мүмкін. «Ордабасыға» жеребе бойынша «Флора», «Торпедо», «Титоград» және «Гзира Юнайтед» клубтарының бірі түседі. «Тобыл» «Милсами», «Мура», «Дебрецен», «Бананц», «Женесс» секілді командалар арасынан қарсылас іздейді. Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде ойнайтын «Астанаға» Литваның «Судува», Румынияның ЧФР, Венгрияның «Ференцварош», Эстонияның «Нымме Калью» және «Арарат-Армения» клубтарының бірі қарсылас атанады. Еурокубок жарыстарының жеребесі бүгін елорда уақытымен кешкі алты жарымда басталады. Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу ойындары 9 шілдеде өтсе, Еуропа лигасының кездесулері 11-18 шілдеге жоспарланған.

Тотти «Ромадан» кетті

Италия құрамасының ардагері Франческо Тотти сүйікті командасы «Ромадан» кететінін мәлімдеді. Спорттық мансабындағы 30 жылын бір ғана клубқа арнаған аяқдоп шебері баспасөз өкілдерімен жүздесіп, команда басшылығын айыптады. Тотти 2017 жылы жасыл алаңдағы мансабын аяқтаған соң, «Рома» клубында директор қызметін атқарды. 42 жастағы маман римдіктердің қазіргі жағдайына алаңдаулы екенін білдіріп, клуб басшыларын сынға алды. Тотти «Романың» ішкі жұмыстарына араласқысы келетінін айтады. Алайда оған мұндай міндет берілмеген. Тіпті Тоттиді тыңдайтындар да аз көрінеді. Тілшілерге берген сұхбатында Франческо басшылық қызметте өзін толық көрсете алмағанын, әрі клуб жұмыстарынан шет қалғанын тілге тиек етті.

Queen’s Club Championships турнирі

Әлемнің айтулы теннисшілері Ұлыбританияға жиналып жатыр. Жақында Лондонда «Уимблдон» турнирі басталады. «Үлкен дулыға» сайысы қарсаңында теннисшілер Британия корттарына бой үйретіп, жасыл шөпте шеберліктерін шыңдайды. Спортшылардың бір тобы ағылшын астанасындағы дәстүрлі жарыстың бірі «Квинс Клаб» турнирінде жүр. Қазақстандық Александр Бублик іріктеу кезеңінде аргентиналық Диего Шварцманнан жеңіліп қалды. Есеп – 2:6, 3:6. Бүгін тағы бір қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин кортқа шығады. Ол француз Жереми Шардимен ойнайды. Ұтыс қоры 2 миллион еуроны құрайтын жарыстың келесі кезеңіне Марин Чилич пен Даниил Медведев жолдама алды.

Хабар 24 телеарнасы