384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА-ның бұрынғы президенті тұтқындалды

  • 204
УЕФА-ның бұрынғы президенті тұтқындалды Prosports.kz

УЕФА бұрынғы президенті және Франция құрамасының аңызы Мишель Платини тұтқындалды.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.

63 жастағы Платиниге Қатарда өтетін әлем чемпионаты-2022 өткізу құқығын сатты деген айып тағылды.  

Еске салайық, осыдан төрт жыл бұрын ФИФА президенті Зепп Блаттер мен УЕФА басшысы Мишель Платини аталмыш ұйымның 2 млн Швейцария франкын жымқырды деген айып тағылған болатын. Халықаралық футбол федерациясының Этика комитеті оларды 8 жылға футболдан шеттетті. Кейін шеттетілу сегіз жылдан алты жылға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы