384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық клубтар Еуропа лигасындағы қарсыластарын білді

  • 335
  • UPD: 23:24, 18.06.2019
Қазақстандық клубтар Еуропа лигасындағы қарсыластарын білді Prosports.kz

Ньон (Швейцария) қаласында Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы турының жеребесі тартылды, деп xабарлайды Prosports.kz.

Алматының «Қайраты» отандық жанкүйерлерге жақсы таныс босниялық «Широки Бриекпен» ойнаса, «Тобыл» Люксембургтың «Женесс» командасымен күш сынасады. Шымкенттік «Ордабасы» грузиялық «Торпедо» клубымен жолдама үшін таласқа түсетін болады.

Алғашқы матчтар 11 шілде күні, ал қарымта кездесу араға бір апта салып, 18 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін ел чемпиондары «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білген болатын.

Хабар 24 телеарнасы