384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мишель Платини жемқорлыққа қатысты тергеліп жатыр

  • 202
  • UPD: 14:23, 19.06.2019
Мишель Платини жемқорлыққа қатысты тергеліп жатыр

УЕФА-ның бұрынғы президенті Мишель Платини жемқорлыққа қатысты тергеуге алынды.

Атап айтқанда, 2022 жылы Әлем Чемпионатын Катарда өткізу келісіміне қатысты күдік туындап отыр. Бұған дейін, бірнеше шенеунік Катардың бұл құқыққа ие болуы үшін пара бергенін айтып шағымданған. Сонымен қатар полиция 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының орнын белгілеуге байланысты Платиниді сұрақ астына алды. Париждегі жемқорлыққа қарсы басқармасының кеңсесіне жеткізілген ол, артынша босатылды. Еске сала кетсек, 80-жылдардың әйгілі француз футболшысы Мишель Платини УЕФА-ны 2007-2015 жылдар арасында басқарған болатын.

Мишель Платини, УЕФА-ның бұрынғы басшысы :

- Тергеу ұзаққа созылды. 2016 жылы өткен Еуропа біріншілігі,  Ресейдегі әлем чемпионаты, Катардағы әлемдік футбол додасына  қатысты сұрақтар көп болғандықтан, жауап алу процесі созылып кетті. Мен бәріне жауап бердім. Қорғаушым Бурдон әлгінде айтып өтті ғой,  мені не себепті мұнда шақырғаны бізге әлі түсініксіз.

Хабар 24 телеарнасы