384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты

  • 355
Испания ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты Телеканал 24

Роберто Морено бүгінге дейін бас бапкерлік қызмет атқармаған.

Жеке өміріндегі себептерге байланысты Луис Энрике Испания ұлттық құрамасындағы қызметін тоқтатқан еді, деп жазады prosports.kz. 

Морено бұрынғы бас бапкер Энрике жоқ кезде екі матч команда тізгінін уақытша ұстаған еді. Бұл маманның баптауымен Испания 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен Мальта, Фарер аралдары және Швеция құрамаларына қарсы алаңға шыққан еді. 

Морено үшін бұл бас бапкер ретіндегі алғашқы ресми қызмет. Осыған дейін «Рома», «Сельта» және «Барселона» клубтарында Луис Энрикенің көмекшісі қызметін атқарған еді.

Хабар 24 телеарнасы