384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда мемлекеттік қызметшілер ақ жейде мен галстукті спорттық киімге алмастырды

  • 311
  • UPD: 09:17, 20.06.2019
Павлодарда мемлекеттік қызметшілер ақ жейде мен галстукті спорттық киімге алмастырды

Павлодарда волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертіс өңіріндегі «Баянтау» спорт сарайына жиналған қызметкерлер ақ жейде мен галстукті спорттық киім үлгісіне алмастырған. Осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар барлық облыстардан 200-ге тарта мемлекеттік қызметшілер келген 17 команда өзара бақ сынайды. Алдағы мемлекеттік қызметшілердің  кәсіби мерекесі қарсаңында өтіп жатқан дәстүрлі жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастарды бұқаралық спортқа баулу. Ұйымдастырушылар уақытының көбін кабинетте, компьютердің алдында өткізетін мемлекеттік қызметкерлердің дене шынықтыру мен спортқа ден қойғаны құптарлық іс екенін айтады. Спорт, денсаулықтарын нығайтып, отансүйгіштік, адалдық, парасаттылық сынды адами қасиеттерді байытады деген сенімде. Биылғы турнир сонымен қатар Павлодар облысының мемлекеттік қызмет департаментін алғаш болып басқарған Мейрам Серғазинді еске алуға арналған. Үш күнге созылатын турнирдің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі. 

Саян Ахметжанов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аппарат басшысы:

– Осы турнирді арнайы марқұм Мейрам Мағжанұлы Серғазин деген ағамызға арнадық. Ол мемлекеттік қызмет департаменті ең бірінші 1998 жылы Павлодар облысында ашылғанда басқарған.

Жазира Мүслімова, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы:

– Бүгін 19 маусым күні құрылғанымызға бір жыл толып отыр. Бізде бүгін – облысымызда үлкен мереке. Біз бірінші Түркістан облысы болып құрылғалы бірінші рет қатысып отырмыз. Мемлекеттік қызмет – елге қызмет, деп айтады бізде. Еліміздің өсіп өркендеуі жолында қызмет етіп жүрген бүкіл мемлекеттік қызметшілер бүгін тек қана бір кеңседе отырып жаңағы жазу жазып, компьютерде отырып қана емес сонымен қатар мына салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спортпен шұғылданып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жақсы, тамаша үлгі , өнеге бола алатынын да көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы