384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реал» жаңа қорғаушысын таныстырды

  • 406
  • UPD: 11:24, 20.06.2019

Мадридтің «Реалы» Сантьяго Бернабеуде команданың су жаңа қорғаушысы Ферлан Мендиді таныстырды.

Тілшілер мен жанкүйерлер алдына шыққан 24 жастағы футболшы дәстүр бойынша доп теуіп, көпшілік алдында шеберлігін байқатты. Осыған дейін Менди Францияның «Лион» клубында ойнады. Өткен маусымда бірінші лигада 30 матчқа қатысып, 2 гол соққан. Франция ұлттық құрамасында 3 ойын өткізіпті. Галактикос франциялық футболшымен 2025 жылдың маусым айына дейін келісімшартқа отырды. Менди – «Реал» соңғы екі күн ішінде таныстырған екінші жаңа футболшы. Кеше Сантьяго Бернабеуде бразиялық шабуылшы Родриго ресми түрде «Реал» жейдесін киген еді.

Хабар 24 телеарнасы