383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ХОК Олимпиададағы боксқа қатысты өзгерістерді ресми жариялады

  • 378
ХОК Олимпиададағы боксқа қатысты өзгерістерді ресми жариялады Vesti.kz

 

Халықаралық олимпиада комитеті Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиаданың бокстан жарыс бағдарламасына қатысты өзгерістерді жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Олимпиадада әйелдер жүлдесі молайып, ерлерде кемиді. Егер өткен Олимпиадаларда ерлер арасында жүлделердің он жиынтығы, ал әйелдерде үшеуі ойнатылса, ендігіде ерлер арасындағы жүлделер жиынтығы сегізге азайып, әйелдерде беске дейін көбейеді.

Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері: 52 келіге дейін, 57 келіге дейін, 63 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін, 81 келіге дейін, 91 келіге дейін, 91 келіден аса.

Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері: 51 келіге дейін, 57 келіге дейін, 60 келіге дейін, 69 келіге дейін, 75 келіге дейін.

Бір елден әрі кеткенде 13 боксшы қатыса алады (8 ер және 5 әйел). Квота сол күйінде қалды - бір салмақта бір елдің өкілі ғана. 

Хабар 24 телеарнасы