383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

  • 367
  • UPD: 14:00, 21.06.2019
Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді Legalbet.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Англияда өтіп жатқан турнирде әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бразилияда өтіп жатқан Копа Америка доп додасында күтпеген нәтиже тіркелді.

Уругвай Жапониямен тең түсті

Бразилияда өтіп жатқан Копа Америка турнирінде күтпеген нәтиже тіркелді. Доданың екінші турында басты фавориттердің бірі Ургувай құрамасы Жапониямен тең ойнады. Кездесудің 25-минутында Коджи Миеши матчтағы алғашқы голдың авторы атанып, жапониялықтарды есепте алға шығарды. Алайда көп ұзамай Луис Суарес 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таблодағы көрсеткішті теңестірді. Ойынның екінші таймында қарсыластар тағы бір мәрте гол алмасты. Қорытынды есеп – 2:2. Осылайша Уругвай 4 ұпаймен С тобының көшін бастаса, Жапония ұлттық құрамасы турнирдегі алғашқы ұпайына қол жеткізді. 

Аргентина Парагвайды жеңе алмады

Аргентина мен Парагвай құрамалары арасындағы матч та көпшілік күткен нәтижемен аяқталған жоқ. Месси және оның командасы Копа Америка кубогында бұл жолы да жеңіске жете алған жоқ. Ойынның 37-минутында Ричард Санчес есеп ашып, парагвайлықтардың мерейін үстем етті. Алайда олардың қуанышы ұзаққа бармады. 20 минуттан соң Месси пенальтиден есепті теңестірді. Матчтың соңына дейін бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Екі ойынның қорытындысы бойынша Аргентина құрамасы жалғыз ұпаймен көш соңында келеді. 

Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде өтіп жатқан туринирдің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы Наоми Осаканы жеңді. Небәрі 34 минутқа созылған кездесуде жерлесіміз 6:2, 6:3 есебімен екі сетті өз еншісіне жазды. Енді 1/4 финалда Путинцеваға германиялық Юлия Гергес қарсы тұрады. Ол өз кезегінде ресейлік Евгения Родинаны жарыс жолынан шығарып тастады. Ширек финалдық кездесулер бүгін басталады. 

Федерер ширек финалға шықты

Ал Германияда өтіп жатқан ерлер арасындағы турнирдің ширек финалында Роджер Федерер испаниялық Роберто Баутистамен кездеседі. Екінші айналымда швейцариялық теннисші франциялық Жо Уилфрид Тсонганы 3 сетте жеңді. Есеп – 7;6, 4:6, 7:5. Мықтылар текетіресі 2 сағат 18 минутқа жалғасты.

Айта кетейік, доданың жүлде қоры – 2 миллион еуро.

Хабар 24 телеарнасы