383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фернандо Торрес карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

  • 364
Фернандо Торрес карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді Спорт день за днем

«Саган Тосу» клубының испаниялық шабуылшысы Фернандо Торрес әлеуметтік желі арқылы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Чемпионат.com.

Футболшы «Атлетико», «Ливерпуль» және «Челси» сияқты командалардағы ойынымен танымал.

«18 тамаша жылдан кейін футболдағы карьерамды аяқтайтын кез келді», – деп жазыпты ол Twitter-де.

Торрес «Саган Тосу» былтыр жаздан ойнап келеді. Биылғы маусымда 35 жастағы шабуылшы жапониялық Джей-лиганың жеті матчында ойнап, ешбірінде көзбе түспеді, қайта екі сары қағаз алды.

«Челси» сапында Торрес Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Англия кубогының жеңімпазы атанған. «Атлетикомен» бірге де Еуропа лигасын ұтқан. Испания құрамасы сапында форвард 2010 жылғы әлем чемпионатының алтынын алды және екі рет Еуропа чемпионатын ұтты (2008, 2012).

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы