384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин Парижде танымал актермен танысты

  • 211
Головкин Парижде танымал актермен танысты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Парижде әлемге танымал австралиялық актер Джоэл Эдгертонмен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Франция астанасына Louis Vuitton-ның шақыруымен жаңа ерлер топтамасының көрсетіліміне келген Головкин кезекті сапарынан бірнеше сурет жариялады. 

«Аса талантты актер әрі керемет адаммен танысқаныма қуаныштымын», – деп жазды Головикн Эдгертонмен бірге түскен фотоның соңына.

Айта кетейік, Джоэл Эдгертон – австралиялық актер, режиссер, сценарий жазушы және продюсер. «Чумовые боты», «Воин», «Великий Гэтсби», «Чёрная месса», «Лавинг», «Яркость» сынды фильмдердегі рөлдерімен танымал.

Хабар 24 телеарнасы