«Реал» клубы «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Поль Погбаны сатып алу туралы келіссөздерді кейінге қалдырмақ.
Мадридтік клуб трансферлік кезеңнің соңына дейін бірнеше футболшысын сатып, Погбаны алатын қаржыны табуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер жартылай қорғаушы Поль Погба мен шабуылшы Ромелу Лукаку сатылымға шығарғанын мәлімдеген болатын, деп хабарлайды prosports.kz.
Әзірге Погбаны қаншаға сататыны белгісіз. Ал Лукакумен 76 млн еуроға қоштасуға дайын.
Бұған дейін Поль Погбаны мадридтік «Реал» қатарына қосқысы келген болатын.