383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті

  • 246
Елордада БАҚ өкілдері арасында бильярдтан турнир өтті

Елордада БАҚ өкілдерінің арасында бильярдтан дәстүрлі турнир өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орайластырылған жарысқа тілшілер қауымымен қатар белгілі жазушылар, қаламгерлер мен ардагер журналистер жалпы саны 50-ден астам адам қатысты. Сайыстың өтуіне Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті мен «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы ұйытқы болды. Сондай-ақ іс-шара еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық мерейтойына арналды. Айта кетейік, Ақселеу Сейдімбек атындағы сайыс осымен тоғызыншы мәрте өткізілді.

Намазалы Омашұлы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

– Қаламгерлерге шабыт береді. Өздерін ойландырып жүрген әңгімелерін ортаға салып, пікір алмасады. Шығармашылық байланысты нығайтатын турнир деп есептеймін.

Хабар 24 телеарнасы