384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы дуатлонға 1500-ге жуық адам қатысты

  • 238
  • UPD: 13:31, 23.06.2019
Елордадағы дуатлонға 1500-ге жуық адам қатысты

Бүгін бас шаһарда өткен дуатлонға шамамен мың жарым адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыс «Бәйтерек» монументі алаңынан басталды. Кәсіби және әуесқой спортшылар үш түрлі шақырымды еңсерді. Алғашында олар 5 шақырым жүгіріп, 20 километр қашықтықты велосипедпен бағындырды. Ал соңында 2,5 шақырымға жүгіру сынағынан өтті. Барлық қатысушы марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Спорттық сайыс осымен төртінші мәрте өткізілді.

Гүлмира Есімова, дуатлонға қатысушы:

– Дуатлон – бұл кез келген спортшыға көздеген мақсатына жетуге үйренген азамат үшін берілген сынақ. Мен түбегейлі үздік нәтиже көрсетуге талпындым деп айта алмаймын. Бірінші кезекте өзімнің төзімділігімді сынап, өзіме баға бердім. Менің мақсатым қашықтықты соңына дейін жүріп өту болды.

Хабар 24 телеарнасы