383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дани Алвес ПСЖ-дан кететінін мәлім етті

  • 191
Дани Алвес ПСЖ-дан кететінін мәлім етті Prosports.kz

ПСЖ-ның бразилиялық қорғаушы Дани Алвес клубтан кететінін мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

36 жастағы футболшының ағымдағы келісімі 30 маусымда аяқталады. Алвес өзінің Instagram-парақшасында қоштасу хатын жазды.

Алайда кейбір ақпарат құралдары Алвес алдағы маусымда Англия Премьер-Лигасында бағын сынап көргісі келеді деп жазып жүр.

Бразилиялық қорғаушы ПСЖ-ға «Ювентус» сапынан 2017 жылы ауысып келген.

Хабар 24 телеарнасы