384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каратешілеріміз Канада жеріндегі турнирде финалға шықты

  • 189
  • UPD: 16:35, 23.06.2019
Каратешілеріміз Канада жеріндегі турнирде финалға шықты

Канаданың Монреаль қаласында каратеден А сериясы аясындағы рейтингілік турнир жалғасуда.

Қазақстан сапынан екі спортшы финалда бақ сынайды деп жазады Olympic.kz. 

60 келідегі Дархан Асаділов пен 55 келідегі Сабина Захарова турнирдің алтын жүлдесі үшін таласады. Сондай-ақ бес спортшымыз қола медаль үшін өтетін кездесулерге қатысады.  Атап айтар болсақ, Еркінбек Байтөреев (60 келі), Дидар Әмірәлі (67 келі), Софья Берульцева (+68 келі), Ермек Айназаров (75 келі), Игорь Чехмарев (84 келі) үздік үштікке ену үшін татамиге шығады. Финалдық кездесулер бүгін өтеді. Алайда Қазақстан мен Канада арасындағы уақыт айырмашылығының алшақтығына байланысты жарыс нәтижесі 24 маусымда белгілі болмақ.

Хабар 24 телеарнасы