389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қайсар» гандболшы қыздар командасы Азия біріншілігінде чемпион атанды

  • 430
  • UPD: 17:19, 23.06.2019
«Қайсар» гандболшы қыздар командасы Азия біріншілігінде чемпион атанды

Гандболдан қыздар арасындағы командалық Азия біріншілігінде Қызылорданың «Қайсар» командасы чемпион атанды.

Дүбірлі додаға Қызылорданың «Қайсар», оңтүстік астананың «Алматы», Өзбекстанның АГМК, Оңтүстік Кореяның «4.25» секілді командалары қатысты. Командалар екі айналым бойынша сынға түсті. «Қайсар» қыздары барлық ойында өздерін жақсы қырынан таныта білді. Нәтижесінде аталмыш біріншіліктің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, биыл қызылордалық клуб гандболдан жазғы спартакиадада чемпион атанды. Сондай-ақ Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанды.

«Қайсар» енді клубтар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ол тамыз айының аяғында Қытайда өткізіледі.

prosports.kz

 

Хабар 24 телеарнасы