389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдошы Ғалия Тынбаева Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды

  • 314
  • UPD: 22:34, 23.06.2019
Дзюдошы Ғалия Тынбаева Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева Венгрияның Пакс қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогінің жеңімпазы атанды.

48 келі салмаққа дейінгі кубок финалында Ғалия отандасы Ақмарал Науатбектен басым түсті. Осылайша Қазақстан жастар құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін турнирдің бірінші күні Нұрзат Сәлімбаев қола медальді иеленген болатын.

Еске сала кетейік, Пакстағы Еуропа кубогы 22 маусымда басталған. Оған 28 елден 413 спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның намысын 20 спортшы қорғауда.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы