389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Үмітжанова велоспорттан ел спартакиадасының жеңімпазы атанды

  • 172
  • UPD: 23:26, 26.06.2019
М.Үмітжанова велоспорттан ел спартакиадасының жеңімпазы атанды

Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласында велоспорттан Қазақстанның бесінші Спартакиадасы басталды.

Бүгін ерлер 40 шақырымға, әйелдер 25 шақырымға жарысудан жүлделерді өзара сарапқа салды деп хабарлайды Olympic.kz. 

25 шақырымға созылған әйелдер арасындағы бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Махаббат Үмітжанова жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 0:39,39 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен.  Екінші орынды СҚО-ның тағы бір спортшысы Наталья Сайфутдинова иеленді. Үздік үштікке павлодарлық Рината Сұлтанова енген. 

Ерлер арасындағы жекелей сын бәсекесі Алексей Луценко жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы