384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


AIBA жарыстар өткізу мәртебесінен айырылды

  • 339
  • UPD: 13:38, 27.06.2019
AIBA жарыстар өткізу мәртебесінен айырылды

Халықаралық олимпиада комитетінің Лозанна қаласындағы 134-сессиясында AIBA-ның да тағдыры шешілді.

Әуесқой боксқа жауапты қауымдастық жемқорлық дауынан кейін жарыстарды ұйымдастыру құқығынан шеттетілген болатын. Бұл жолы Халықаралық олимпиада комитеті аталған ұйымды заңдық мәртебесінен айырып, бокс турнирлерін өткізу мәселесін өзге ұйымға беретіндерін мәлімдеді. Енді 2020 Токио олимпиадасына іріктеу жарыстарын арнайы топ ұйымдастырады. Оны халықаралық гимнастика федерациясының президенті Моринари Ватанабэ басқарады. Іріктеу сайыстары келер жылы қаңтар айынан бастап, 13 салмақ бойынша ұйымдастырылады. Оның сегізі ерлер арасында өтсе, бесеуі әйелдер боксына берілді.

Хабар 24 телеарнасы