389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиоға апарар жол: қазақстандық боксшылар іріктеу турнирін қайда өткізеді?

  • 229
Токиоға апарар жол: қазақстандық боксшылар іріктеу турнирін қайда өткізеді?

Бокстан Токио олимпиадасына іріктеу турнирінің қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Халықаралық олимпиада комитетінің шешімі бойынша, Азия аймақтық олимпиадаға іріктеу турнирі 2020 жылдың қаңтар айында Қытайда өтеді. Ал әлем чемпионаты мамыр айында Жапонияда ұйымдастырылмақ. Айта кетелік, Халықаралық олимпиада комитеті бокстан салмақ дәрежелеріне өзгерту енгізді. Бұдан былай Олимпиада ойындарында ерлер арасында 8, әйелдер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер таратылады. Құрлық бойынша ерлерге 41, әйелдерге 22 квота бөлінген.

Айта кетелік, ХОК Лозаннада өткен 134-ші сессиясында Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығын (AIBA) тану мәртебесінен айырды.

Хабар 24 телеарнасы