384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам: Шаршы алаңға оралар сәтті асыға күттім

  • 207
Қанат Ислам: Шаршы алаңға оралар сәтті асыға күттім prosports.kz

Ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы Қанат Ислам аяғынан алған жарақаттан кейін рингке оралуға әзір екенін айтты.

Спортшы сондай-ақ жанкүйерлеріне «таңқалдырарлық шоу» көрсетуге де уәде етті, деп жазады prosports.kz.

«Менде біраз үзіліс болды, қайтып оралу оңай емес. Өмірде аздаған қиындықтар да болып тұрады, бірақ оның бәрі уақытша. Мен рингке оралуыма бар ынтаммен дайындалдым, осы сәтті күттім. Күткен уақытым жеткен сияқты. Жанкүйерлерім үшін үздік ойын көрсетемін», – деді Қанат Ислам 27 маусым күні Алматыда өткен жаттығудан кейін.

Боксшы сондай-ақ алдағы жекпе-жекте қарсыласы доминикалық Хулио де Хесус болатынын мәлім етті.

Айта кетейік, Ислам мен де Хесус арасындағы жекпе-жек 5 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Бұл айқаста боксшылар WBO Inter-Continental белбеуі үшін таласады.

Қанат Ислам соңғы рет рингке өткен жылдың қыркүйек айында шықты. Ол жолы канадалық Брендон Кукты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Хабар 24 телеарнасы