383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» ФК Кабананганың кеткенін ресми мәлімдеді

  • 289
«Астана» ФК Кабананганың кеткенін ресми мәлімдеді vesti.kz

Джуниор Кабананга мен «Астана» футбол клубының арасындағы келісімшарт мерзімі аяқталды.

Елордалық команда футболшыны «Әл-Наср» клубынан жалға алған болатын.

«Астана» сапында Кабананга 128 матч өткізген. 42 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.

Клуб басшылығы команданың бүгінгі жаттығуы алдында футболшыға рақмет айтып, шапан жапты.

Хабар 24 телеарнасы