389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасында екі қазақстандық клуб бір топқа түсуі мүмкін

  • 226
Чемпиондар лигасында екі қазақстандық клуб бір топқа түсуі мүмкін Atameken Business Channel

Футзалдан Чемпиондар лигасында ел намысын «Қайрат» пен «Аят» қорғайды.  

УЕФА-ның ресми сайты Чемпиондар лигасының жеребе өткізу салтанаты 4 шілдеде өтетінін хабарлады. Жеребеге 57 клуб қатысады. Рейтингте жоғары орналасқан елдерден (Испания, Португалия, Ресей және Қазақстан) турнирдің негізгі кезеңіне екі команда жолдама алады. 

Негізі кезеңнен 23 команда орын алып қойған. Олардың ішінде екі қазақстандық клуб – «Қайрат» пен «Аят» бар. Іріктеу кезеңіне 34 команда қатысады. 27 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында осы командалар матч өткізіп, жолы болған 9 команда негізі кезеңге жолдама алады. 

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде 32 команда өнер көрсетеді. Олар «А» және «B» санатындағы клубтар деп екіге бөлінеді. 16 командадан екі топқа бөлінген ұжымдар арасында жеребе ұйымдастырылады. Бір қызығы,«Қайрат» пен «Аят» «А» санатына түскен. Яғни екеуі бір топқа түсіп қалуы мүмкін. Үлкен футболдағы секілді, бір елдің командалары бір топта өнер көрсете алмайды деген шектеу футзалда жоқ.   

Хабар 24 телеарнасы