389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құқық қорғау қызметкерлері қазақ күресінен сынға түсті

  • 249
Құқық қорғау қызметкерлері қазақ күресінен сынға түсті

Петропавл қаласында қазақ күресінен ішкі істер органдары қызметкерлері арасында ел біріншілігі басталды.

Күштік құрылымдар арасында екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарысқа еліміздің әр аймағынан сайдың тасындай іріктелген 140 шақты спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтамақ. Өз өңірлерінде жауырыны жерге тимеген балуандар бос кілемде бір-біріне дес бермеуге тырысып бағады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ күресі құқық қорғау қызметкерлерінің әрдайым шымыр болуына септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы