389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ахмедов пен Сабыров салмақ өлшеу рәсімінен өтті

  • 336
  • UPD: 13:51, 29.06.2019
Ахмедов пен Сабыров салмақ өлшеу рәсімінен өтті prosports.kz

Канаданың Тетфорд Майнз (Квебек) қаласында өтетін бокс кешіне қатысатын боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қатарда қазақстандық Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) пен Нұрзат Сабыров (9-0, 8 КО) та салмақ өлшеді. 

Садриддин Ахмедов 158 фунтты көрсетті. Ал оның қарсыласы мексикалық Даниэль Вега Котаның (14-3-1, 11 КО) салмағы 157 фунт болды. Екі боксшы да алғашқы орта салмақтың лимитінен (154 фунт) асып кеткенімен, ешқандай титул сарапқа салынбайтындықтан, жекпе-жек өткізуге кедергі жоқ. 

Ал Нұрзат Сабыровтың салмағы 169,8 фунт болды. Оның қарсыласы венгриялық боксшы Ласло Тот (7-0, 6 КО), 169 фунт болды. Бұлардың да салмағы лимиттен артық болды (168 фунт). Бірақ бұл да титулды жекпе-жек болмағандықтан, кездесу өткізуге кедергі болған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы