389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшы қарсыласын 10 секундта нокаутқа жіберді

  • 366
  • UPD: 07:17, 30.06.2019
Қазақстандық спортшы қарсыласын 10 секундта нокаутқа жіберді Спортстайл

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Жандос Жанат Әзербайжан елінде өткен турнирде ирандық қарсыласын 10 секундта ауыр нокаутқа жіберді.

Жандос Жанат Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен турнирде ирандық спортшымен жекпе-жек өткізді, деп жазды prosports.kz. Отандасымыз қарсыласы Али Раджаб Задені  басынан теуіп, 10 секундта нокаутқа жіберді. Осылайша отандасымыз 57 келі салмақта WJMMAF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, сондай-ақ бұл турнирде  Ринат Серікбол, Абылай Батырбек, Самат Еркінов сынды спортшылар сынға түсіп, жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы