Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (8-0, 7 КО) өзінің кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін өткізді.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Ол Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында жұдырықтасты. 21 жастағы қазақстандық нокаутшы шаршы алаңда мексикалық Даниэль Вега Котамен (14-3-1, 11 КО) кездесіп, 90 минутта техникалық нокаутпен жеңді. Оған дейін қарсыласын екі рет нокдаунға аттандырған болатын. Осылайша Садриддин кәсіпқой бокстың шаршы алаңында өзінің тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді.