Хьюстонда (Техас, АҚШ) америкалық Джермалл Чарло (28-0, 21 КО) мен Брэндон Адамс (21-2, 13 КО) орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титуты үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілер жеңісті Джермалл Чарлоға берді. Төрешілер есебі – 120:108, 120:108, 119:109.
Осылайша Чарло жақында ғана еншілеген титулын сақтап қалды. Бұған дейін Чарло осы салмақта «уақытша» чемпион титуын иеленген болатын.