389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Титулын қорғаған әлем чемпионы Головкинді айқасқа шақырды

  • 344
Титулын қорғаған әлем чемпионы Головкинді айқасқа шақырды Prosports.kz

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкинді (39-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс пен өзімнің джебымды көрсеттім. Сулецки бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» – деді Андраде.

Деметриус Андраде төрешілердің бірауызды шешімімен (120-107, 120-107, 120-107) поляк Мацей Сулецкиден (28-2, 11 КО) басым түсіп,  WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын екінші рет қорғап қалды.

Еске сала кетсек, дәл осы чемпиондық белбеу – Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін мексикалықтың қойып отырған шарты. Чемпиондық атақ сарапқа салынбайтын болса, Альварес GGG-ге қарсы шыққысы келмейді.

Хабар 24 телеарнасы