389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Манчестер Юнайтедтің» құны 1,2 млрд еуроға құлдырады

  • 282
«Манчестер Юнайтедтің» құны 1,2 млрд еуроға құлдырады prosports.kz

«Манчестер Юнайтедтің» бағасы Нью-Йорк қор биржасында айтарлықтай құлдырады, деп хабарлайды Prosports.kz

Сауда-саттық барысында бір акция 14,24 фунтқа бағаланды, бұл өткен жылдың тамыз айынан әлдеқайда төмен. Ол кезде акция құны 21,82 фунтты құраған болатын. Осылайша, клубтың құны 3,51 млрд фунттан 2,25 млрд-қа төмендеді.

Жоғарыда айтылғандай, МЮ жанкүйерлері клубты басқарып отырған Глейзер отбасысына көңілі толар емес. Олар аталмыш команданы 2003 жылы 790 миллион фунтқа сатып алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы