383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алексей Луценко ел спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы атанды

  • 127
Алексей Луценко ел спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы атанды olympic.kz

Ақмола облысында велоспорттан Қазақстан Спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Соңғы жарыс күнінде ерлер арасындағы топтық бәсеке аяқталып, Алексей Луценко жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. Жарысқа қатысушылар 162 шақырымды жүріп өтті. Топтан қара үзіп кеткен Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Күміс жүлдені Дмитрий Груздев еншілесе, қоланы Антон Кузьмин жеңіп алды Еске сала кетейік, Луценко жекелей сында да Спартакиада жеңімпазы атанған болатын. Осылайша, оның еншісінде екі алтын медаль бар.

Хабар 24 телеарнасы