384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің екінші кезеңіне шықты

  • 474
  • UPD: 14:26, 03.07.2019
Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің екінші кезеңіне шықты

Конго Демократиялық Республикасының футболшысы Фирмин Мубеле «Астана» командасына ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір жарым жылдан бері Францияның «Тулуза» клубында ойнаған шабуылшыны елордалықтар бір жылға жалға алды.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің екінші кезеңіне шықты. Алғашқы айналымда испан жігіті Пабло Андухармен кездескен жерлесіміз 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 58 минутқа созылды. 31 жастағы теннисші енді жарыстың тоғызыншы ракеткасы Америкалық Джон Изнермен ойнайды. Қазақстанның тағы бір өкілі Александр Бублик алғашқы айналымнан аса алмады. Ол француз спортшысы Грегуа Баррерадан ұтылып қалды. Уимблдон турнирінің екі дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль алғашқы кезеңде жапониялық Юити Сугитаның осал тұсын тапты. Есеп – 6:3, 6:1, 6:3. Надаль енді австралиялық Ник Кирьоспен кездеседі.      

Рафаэль Надаль, теннисші:

– Турнир мен үшін сәтті басталды. Шөпте жақсы ойнайтын теннисшіні үш партияда жеңдім. Ол мұндай төсеніште мықтылардан басым түсіп, жүлде ұтып жүр. Мен бір күн демалып, келесі ойынға жоспар құрамын. Ендігі қарсылас өте талантты спортшылардың бірі. Екінші айналымдағы ең қиын матч болайын деп тұр. Маған өз шеберлігімді көрсету керек. 

АҚШ қыздары әлем чемпионатының финалына шықты

АҚШ құрамасының бұрымдылары әлем чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда олар Англиядан 2:1 есебімен басым түсті. Ойын тағдыры алғашқы таймда шешілді. Матчтың 10-минутында Кристен Пресс есеп ашты. Ағылшын қыздары 19-минутта таразы басын теңестірген еді. Голдың авторы – Эллен Уайт. Алайда Англия жанкүйерлерінің қуанышы ұзаққа созылмады. 31-минутта Алекс Морган мергендік танытып, АҚШ құрамасын финалға жетеледі. Бүгін әлем біріншілігінің екінші финалисі анықталады. Голландия мен Швеция қыздары шешуші сынның жолдамасын сарапқа салады. Финал жексенбі күні Лион қаласында өтеді.  

Америка кубогы: Чили мен Перу финалдық жолдамаға таласады

Бразилияда өтіп жатқан Америка кубогы шешуші кезеңге жақындады. Соңғы екі чемпионатта топ жарған Чили құрамасы үшінші мәрте сол биікке ұмтылады. Жартылай финалда Санчес бастаған аяқдоп шеберлері Перумен кездеседі. Дәл қазір Чили футболшыларының шоқтығы биік. Алайда Перу ойыншылары да қарап қалмайды. Ширек финалда азулы Уругвайды тоқтатқан жігіттер өздеріне сенімді. Мамандар Чилидің мысы басым екенін айтады. Рейнальдо Руэда шәкірттері қатарынан үшінші мәрте құрлық чемпионатында жеңіске жетіп, Аргентинаның жетістігін қайталауды көздейді.

Хабар 24 телеарнасы