389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBO чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

  • 577
WBO чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды Fightnews.info

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды. 

– «Канеломен» жұдырықтасқым келеді. Головкинмен де. Қазір басқа боксшылармен жекпе-жек өткізгім келмейді. Сіздер (журналистер мен БАҚ) маған көмек көрсетсеңіздер деймін. Менің Головкин және «Канеломен» жекпе-жек өткізгім келетінін барша әлемге жар салыңыздар. Басқа жекпе-жек туралы ойламаймын да», – деді Андраде.

Айта кетейік, өткен аптада америкалық боксшы поляк Мацей Сулецкимен 12 раунд бойы жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы